Ауыл мектебінің жай-күйін жақсартуды қолға алу керек

Президент аймақтарды, оның ішінде ауылды өркендету ісіне ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

Былтыр Президент сайлауынан кейін ең алдымен ауылды дамыту мәселесіне арналған Жарлыққа қол қойылған еді. Ол актінің көмегімен үкімет алдағы 5 жылда ауылды дамытуға айрықша күш салатын болады. "Елімізді өркендетеміз десек, ауыл мектебінің жай-күйін жақсартуды мықтап қолға алуымыз керек. Бұл жұмысты «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының аясында кешенді түрде жүзеге асыру қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.