Сирия бойынша Астана процесінің ХХ халықаралық кездесуі өтті
Сириядағы жағдай біртіндеп тұрақталып келеді.
Бұл туралы Астана процесінің ХХ халықаралық кездесуінде мәлім болды. Елордадағы жиынға Ресей, Түркия, Иран делегаттары, сондай-ақ Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдері қатысты. Бақылылаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан мен Ирак өкілдері келді. Күн тәртібінде Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды өзгерту, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары, соның ішінде кепілге алынғандарды босату және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу мәселелері талқыланды.
Жиын барысында Анкара мен Дамаск арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру және осы бағытта жол картасын қалыптастыру тақырыбында келіссөздер өткізу туралы жоспар жасалды.
Қанат Тұмыш, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Сирияның біртіндеп оқшаулану аймағынан шығуы Астана процесінің өз міндетін абыроймен атқарғанының белгісі деп тануға болады. Сирияның араб елдері қатарына оралып келе жатқанын ескере отырып, Астана процесі аясында Сирия бойынша ХХ отырысты ресми соңғы деп жариялауды ұсынамыз.