Германия президентінің Астанаға сапарын неміс баспасөзі жарыса жазды
Германия президентінің Астанаға сапары туралы неміс басылымдары да жарыса жазып жатыр.
Баспасөз Франк-Вальтер Штайнмайердің сапарын қалай бағалайды? Одан не күтеді?
Франкфуртер Альгемайне Цайтунг басылымы "Германия Орталық Азиямен геосаяси және экономикалық тұрғыда әріптестікке бейіл. Германияның Орталық Азиямен стратегиялық қарым-қатынасы артып келеді" деп жазды.
Антенне Байерн басылымы Астанада жасалған келісімдер неміс еліне қандай пайда әкелетінін баяндайды. Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауыты бойынша келісімге сәйкес Қазақстан айына 100 мың тонна шикізат жеткізіп тұрады. Осының арқасында кәсіпорынның өндірістік әлеуеті 10 пайызға артады. Франк-Вальтер Штайнмайердің мәлімдеуінше,, Бұл Шведт қаласы үшін және Германияның энергетикалық қауіпсіздігі үшін жақсы жаңалық.
Фокус онлайн басылымы Германия президенті Қазақстанда реформаларға оң баға бергеніне назар аударып отыр. Ең алдымен Франк-Вальтер Штайнмайер өлім жазасының алынып тасталуы мен сыбайлас жемқорлықпен күресті атаған.