Президент: Ел аумағында есірткі өндірісі белең алып барады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда есірткі бизнесіне жол жоқ екенін мәлімдеді.
Есірткі саудасының тізгінін ұстағандарға кей жағдайда тәртіп сақшылары да көмектесетінін ашып айтты. Президент құқықтық-заңнамалық жауапкершілікті күшейтуді және Парламентке күзден бастап тиісті заңдарға өзгеріс енгізуді тапсырды. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіретіндермен табанды күресті қолға алу қажеттігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан Республикасының аумағында есірткі өндірісі белең алып барады. Бұл – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін мәселе. Есірткінің таралуына қарсы күрес үшін бүкіл уәкілетті органдардың күш-жігерін біріктіру керек. Әйтпесе, жағдайды ушықтырып аламыз. Қазақстан аумағында синтетикалық есірткі өндіретін орындарды түбегейлі жою үшін батыл шаралар қабылдау керек. Бұл – аса маңызды міндет.