Қ. Тоқаев: Алаяқтықпен күрес күшейтілуі тиіс
Бүгін Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісін өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев елде алаяқтықтың өршіп кеткенін атап айтты.
Президенттің айтуынша, қазір көптеген азаматтарымыз айлакерлердің арбауына түсіп, алданып қалып жатыр. Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі тиіс. «Әділетті қоғам құру жолында оларға ешбір кешірім болмауы қажет», - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мысалы, жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделеіне үлкен нұқсан келтіріп отыр.