Жолдау-2023: Сарапшы пікірі
Атом энергиясы Қазақстан үшін тұрақты дамудың кепілі.
Американың real clear energy порталында осындай тақырыппен жуырда ауқымды мақала жарық көрді. Автор Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын үлкен қызығушылықпен оқып шыққанын айта келе, елімізде атом электр станциясының құрылысына терең тоқталады. Оның айтуынша, Қазақстандағы энергия мәселесін шешудің бірден бір жолы - ядролық қуат. Себебі ол сырттан келетін энергияға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Екіншіден, атомэлектр станциясының құрылысы экономикалық һәм экологиялық тұрғыдан тиімді дейді сарапшы. Осы ретте мақала авторы мемлекет басшысының жуырдағы жолдауында бұл мәселе бойынша бүкілхалықтық референдум жариялауы өте орынды екенін алға тартады.