Шетелдік сарапшылар Жолдауға қатысты пікір білдірді
Шағын және орта бизнес – кез келген экономиканың тірегі.
Қазақстан Президентінің оған қолдау білдіру ниеті мақтауға тұрарлық. Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институтының директоры Мұхаммад Асиф Нұр осылай деп отыр. Шетелдік сарапшы «Pakistan Today» басылымында жария еткен мақаласын Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауына арнаған. Ол тұрақты экономиканы қамтамасыз ету үшін жекеменшік секторды дамытып, әртараптандыруға мән беру керектігі туралы айтады. Ал Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры Александр Цинкер Президент өз Жолдауында атқарушы билік жүйесін түрлендіруге көңіл бөлу қажеттігіне тоқталып өткенін жазады. Өйткені реформалар үшін жауапкершілік негізінен осы атқарушы билікке жүктеледі, - дейді сарапшы.