Нью-Йорктегі саммитте Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі көтерілді

«АҚШ-тың Орталық Азиядағы Ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа жағымсыз кепілдіктер туралы хаттаманы ратификациялауы маңызды».

Нью-Йоркте өткен «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттері басшыларының саммитінде осы мәселе көтерілді. С5+1 форматындағы жиында бұған дейін аталған хаттаманы Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания ратификациялағаны айтылды. Бұл қадам өңірдің ядролық қарудан ада мәртебесін институционалдандыру процесін аяқтауға мүмкіндік бермек.

Жалпы Орталық Азия – солтүстік жарты шардағы ядролық арсеналдарды орналастыруға тыйым салынған жалғыз өңір. Мұндай аймақтар Латын Америкасында, Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда және Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде құрылған.