Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкер Деннис Швиндтті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев HMS Bergbau AG компаниясының басқарма төрағасы Деннис Швиндтті қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстанның шетелдік инвесторлардың жобаларды табысты іске асыруы үшін қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Президент әлемнің дамыған елдерінің экономикасы тарапынан литийге сұраныс артып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ сирек металдарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту аса маңызды екенін айтты. Деннис Швинд Шығыс Қазақстанда литий өндіретін және оны қайта өңдейтін кен байыту комбинатын салу жобасын таныстырды. Жоспарланған инвестицияның сомасы – 500 миллион доллар. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай инвестициялық жобалардың ел экономикасы мен оның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қолдау үшін маңызды екенін атап өтті. Осы кездесудің нәтижесін «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов баяндады.
Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы