Президент Hamburger Hafen und Logistik компаниясының басқарма төрағасымен кездесті
Президент Hamburger Hafen und Logistik компаниясының басқарма төрағасы Ангела Титцратпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Германияның көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы Германияның көлік және логистика саласын дамытуда аталған компанияның маңызды рөл атқаратынын айта келе, оның елімізде филиал ашу туралы шешімін құптады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтты. Өйткені еліміз Еуразиядағы басты транзит торабы ретінде өз позициясын күшейтуге ниетті. Әңгіме барысында Қазақстан құрғақ және сұйық жүктерді тасымалдауға арналған жаңа танкерлер сатып алу, сондай-ақ Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарын жаңғырту үшін қаржы тартуға мүдделі екені айтылды.