Қарағанды облысында аудан және қала әкімдігіне үміткер 14 кандидат тіркелді

Ең жоғары бәсекелестік Ақтоғай ауданында, онда қазір 6 үміткер бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Осакаров ауданында бүгінгі күні 3 үміткер әкім лауазымы болуға бақ сынайды. Мұнда дауыс беруге құқылы 21 мыңға жуық адам бар. Кандидаттарды ұсыну ертең аяқталады. Ал 10 қазаннан бастап үгіт-насихат жұмыстары басталмақ. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров үгіт-насихат кезінде барлық кандидатқа тең мүмкіндік жасалуы тиіс екенін ескертті.

Еске салсақ, пилоттық жоба ретінде Ақтоғай мен Осакаров аудандары және Приозерск қаласының әкімдерін 5 қараша күні халық сайлайды. Бұл – Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалып отырған қадам.

Дана Молдағалиева, Осакаров ауданы сайлау комиссиясының төрағасы:

- Осакаров ауданының электораты өте белсенді. Осыған дейінгі сайлау кезінде халықтың 80%-і келіп дауыс берген. Ал аудан әкімін сайлау – тікелей осы тұрғындарға қатысы бар саяси дода. Сондықтан белсенділік жоғары болады деп есептеймін. Біз қазір мамандардың дайындығын пысықтап, оларды онлайн оқытып жатырмыз.