Қ. Тоқаев Kazakhstan Paramount Engineering зауытына барды

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Kazakhstan Paramount Engineering зауытына барды.

Бронды дөңгелекті техника өндіруге және жаңғыртуға маманданған нысан осыдан 10 жыл бұрын құрылған. Содан бері елімізде ғана емес, Орталық Азиядағы бірегей кәсіпорынға айналды. Мұнда өндірістен бөлек, бәсекеге қабілетті заманауи бронды техникаға сервистік қызмет көрсетіледі. Мемлекет басшысы саланы ілгерілету қажеттігін айтты. Сондай-ақ компанияны қорғаныс өнеркәсібіне машықтанған отандық кәсіпорындарды дамытуға үлес қосуға шақырды.