Кореялық сарапшы: АЭС энергетикалық мәселелерді шешеді

Қазақстанның энергетикалық мәселесін атом электр станциясының көмегімен шешуге болады.

Оңтүстік Кореялық саясаттанушы Ли Джэ Хёк осылай дейді. Ол Чернобыль атом электр станциясындағы апат орнына барған алғашқы кореялық журналист болды. Сол кездері Ли Джэ Хёк өз елінде атом электр станцияларының салынуына қарсы болды. Алайда кейін ол өз ойын өзгертті. Лидің айтуынша, Кореяның ядролық технологиясы қазір әлемдегі ең үздіктердің бірі. Өйткені осы елде 25 атом электр станциясы жұмыс істейді және атом энергетикасы дамыған 45 жыл ішінде бұл нысандарда ірі апат болған жоқ. Атом электр станциялары қазір Оңтүстік Кореяның энергиясының 30 пайызын қамтамасыз етеді. Саясаттанушының пікірінше елдің өнеркәсібі атом электр станцияларының арқасында үлкен табыстарға жетті.

Ли Дже Хёк, Еуразия білім беру орталығының директоры:

- Уран өндіруші елде неге атом электр станциясы жоқ? Баламалы энергия көздері үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алмайды. Ал ядролық қауіпсіздік технологияларында кейінгі жылдары айтарлықтай ілгерілеу бар. Егер Қазақстан МАГАТЭ-нің ұсынымдарын ескеріп, Корея сияқты атом электр станцияларын салу және пайдалану тәжірибесі бар елдермен ынтымақтастық орнатса, ешқандай қауіп тумайды. Энергетика мәселесін тек атом электр стансаларының құрылысы шешеді және біз Президент Тоқаевтың шешімін қолдаймыз. Қазақстан халқы референдумда дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін.