Израильдегі қазақстандықтардың елге оралуына жағдай жасалады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Израильдегі жағдайға қатысты алаңдаушылығын білдірді.

Ведомствоның реми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалып жатыр.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді. Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз.