Қазақстан Түркиямен мемлекеттік қызметтегі ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Қазақстан мен Түркия адами ресурстарды дамыту және мемлекеттік қызметті цифрландыру саласында өзара ынтымақтастықты дамытуға ниетті.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мен Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Адами ресурстарды басқару кеңсесінің басшысы Салим Атайдың кездесуінде айтылды. Тараптар ортақ мәселелерді бірігіп шешуге келісті.

Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу азаматтарға ашық және қолжетімді болуы тиіс. Бұл ұстаным Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жіті назарында. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолға алған жобалары нәтижелі болуы үшін  әлемдік тәжірбие мен заманауи технологияларды тиімді пайдалану аса маңызды, - дейді жиынға қатысушылар. 

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Бұл кісілерді қызықтырып отырған, президенттік жастар кадрлар резерві. Яғни, президенттік жанынан құрылған жас таланттарға мемлекеттік басқаруды  жұмыс істеуде мүмкіндік беріліп отырғаны. Осындай біздің тарапымыздан тәжірбиемізбен бөлістік. Бұл кісілер “Е-insan” бағдарламасы бойынша тәжірбиелерімен бөлісті. Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистарнттары, оның ішінде адами ресурстары оқып жатқан магистранттарына қос дипломға ие болуы үшін жүйелерді қалыптастырдық. Бұйырса, келесі жылдан бастап іске қосамыз деп отырмыз. 

Мақсат- «Жекелей басқарудың цифрлық жүйелері туралы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің институттары арасында  өзара түсіністік туралы меморандум» аясында адами ресурстарды басқару, мемлекеттік қызметшілердің кадрлық әлеуетін дамыту, мемлекеттік қызметте цифрлық технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу болып отыр. 

Салим Атай, Түркия президентінің жанындағы адами ресурстарды басқару кеңсесінің басшысы:

- Қазақстан біз үшін маңызды серіктес. Бүгінгі кездесу үлкен мүмкіндік. Біз тәжірбиеміз бен әзірлеген заманауи технологияларымызды түркі тілдес мемлекеттеріне ұсына отырып, жаңа кадрлар, мемлекеттік қызметкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тең мүмкіндіктер аясында адам ресурстарының тиімді және біркелкі бөлінуін қамтамасыз еткіміз келеді. 

Жиын қорытындысы бойынша тараптар адами ресурстарды дамыту және мемлекеттік қызметті цифрландыру саласында өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайлы ортақ келісімге келді.

Меруерт Қанағат