Қазақстанның геосаяси өзгерістерді ұтымды пайдалануына мүмкіндігі мол
Қазақстанның әлемдегі геосаяси өзгерістерді ұтымды пайдалануына мүмкіндігі мол.
Мұндай пікірді ресейлік саясаттанушы Сергей Станкевич білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан көлік-логистика жүйесін дамыту мен президент жолдауында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру арқылы көп жетістікке жете алады.
Сергей Станкевич, саясаттанушы:
"Қазақстан былтыр шетелден тікелей 300 миллиард долларға жуық инвестиция тартты. Бұл рекордты көрсеткіш. Бұдан инвесторлардың сіздердің елге үлкен қызығушылық танытып жатқанын анық байқауға болады. Барлық табиғи пайдалы қазбаларды тиімді игеріп, аймақтық және әлемдік нарыққа шығару қажет. Ал бұл үшін дамыған көлік-логистика жүйесі керек. Міне осы тұрғыда Қазақстанның геосаяси өзгерістерді ұтымды пайдалануына мүмкіндігі мол деп ойлаймын."