Халыққа несие беру шектеледі

Ақорда

Жұрттың шамадан тыс несие алуын азайту керек.

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына осыны тапсырды. Ведомство басшысы Мәдина Әбілқасымова Президент қабылдауында болды. Агенттік несие рәсімдеуді қысқарту, барлық микрокредит бойынша бірыңғай мөлшерлеме белгілеу, коллекторлық қызметке қойылатын талаптарды қатаңдату, қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заң жобаларын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізген.

Бұдан бөлек, Агенттік қаржы тұрақтылығын сақтап, тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейтуге тиіс. Әрі бизнес нысандарына несие беруді ынталандыруы керек. Жалпы жыл басынан бері банктердің активтері 4,8%-ке, яғни 46,7 триллион теңгеге дейін өсті. Экономиканы несиелеу 11,5%-ке ұлғайған.