Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы

Оңтүстік Корея Қазақстаннан сирек металдар тасымалдауға мүдделі.

Бұл туралы сарапшылар Сеулде өткен Еуразиялық болашақ көшбасшылар қауымдастығының форумында мәлімдеді. Семинарға қатысушылар Корея мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылаДЫ. Жиынды пайдалы қазбаны жеткізу ісіне көп көңіл бөлінді. Қауымдастық мүшелері Орталық Азия аймағында іске асыруға бағытталған бірнеше жобанЫ  ұсынды. Соның бірі астық өндіретін "ақылды" қожалықтар құру, биогаз өндіру және электр көліктері саласын дамыту.

Пак Чон Хо, Корея халықаралық экономикалық саясат зерттеу институтының бөлім басшысы:

- Еуразиядағы қазіргі геосаяси жағдайға байланысты өнім жеткізу бойынша  бәсеке қыза түсті. Корея ресурстармен қамтамасыз ететін жаңа бағыттарды қалыптастыруға үлкен қызығушылық танытып отыр. Кореяға қажетті материалдар Орталық Азияда бар. Қазақстан мен Кореяның тиісті министрліктерінің жұмысшы топтары арнайы талқылаулар өткізіп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу үшін тиісті компанияларды біріктірген жөн.

Пён Хён Соп, профессор:

- Қазақстан үкіметі 2024-2028 жылдар аралығында сирек кездесетін металдарды игеру жоспарын жариялады. Корея пайдалы қазбаларды жеткізуде ынтымақтастық үшін 30 елді іріктеп алмақшы. Бұл тізімге Қазақстанның да енуі әбден мүмкін. Ресейден әкелінетін жанармайды біз Қазақстаннан алып отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстан - уран өндіретін ел. Юн Сок Ёль үкіметі атом энергетикасын дамытуға ниетті. Сондықтан Қазақстанмен атом электр станцияларын дамыту және уран импорты бойынша да ынтымақтастық орнату мүмкіндігі жоғары.