Фор Эссозимна Йасимбе арнамызға экслюзивті сұхбат берді
Батыс Африкадағы мемлекет Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы тәжірибесін де меңгеруге ниетті.
Елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Тоголез республикасының Президенті Фор Эссозимна Йасимбе арнамызға берген экслюзив сұхбатында осылай деді. Мәртебелі қонақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бүгін Ақордада жүздескенін айтып, бірқатар салада ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты. Екі елдің де шикізат ресурсы мол екенін де тілге тиек етті. «Бірақ Қазақстан пайдалы қазбаның игілігін бізден гөрі көбірек көріп отыр», деді.
Фор Эссозимна Йасимбе, Тоголез республикасының Президенті:
- Терроризм мен қауіпсіздік мәселесінде біраз қатерге тап болған аймақтан келіп отырмыз. Сондықтан ең біріншіден, сіздердің бейбіт ұстанымдарыңыз, толеранттылық қағидасы, этностардың әралуандылығына қарамастан ел ішіндегі ауызбіршілік – осының бәрі біз үшін үлкен үлгі-өнеге. Осы ретте, тәжірибе алмасуға ниетіміз бар.
Еске сала кетейік, Тоголез республикасының Президенті арнамызға экслюзивті сұхбат берген еді. Оның толық нұсқасын арнамыздан сағат 21:30-да көре аласыздар.