Үкімет құрамы жасақталды
Президенттің Жарлығымен ҚР Премьер-министрі лауазымына Олжас Бектенов тағайындалды.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметі Роман Склярға жүктелді. Бұдан бөлек премьердің тағы 5 орынбасары бар. Олардың ішінде Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі және Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметін қоса атқарады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы тағы 19 ведомствоның басшыларын тағайындады. Айта кетейік, 21 министрдің төртеуі бұл лауазымға алғаш рет тағайындалып отыр.