Үкімет басшысы министрлерді таныстырды
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ұлттық экономика, Қаржы, Төтенше жағдайлар және Денсаулық сақтау министрлерін таныстырды, деп хабарлайды 24KZ.
Үкімет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа ведомство алдында ауқымды және амбициялық міндеттер тұрғанын атап өтті. Мәди Такиевті Қаржы министрлігінің ұжымына таныстыру барысында бұл құрылымның мемлекеттік басқарудағы маңызды органдардың бірі екенін айтты. Шыңғыс Әріновке төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігін еске салды. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына Ақмарал Әлназарованы таныстыру кезінде ұжымға саланы жаңғырту және одан әрі оның тиімділігін арттыруды тапсырды.