Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

Омбудсмен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы айтты.

Құқық қорғау институтына қоғамның сенімі артып келеді. Былтыр уәкілдің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалып, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.