2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспар төрт бағытты қамтиды
Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін 204 негізгі жобаны қамтитын Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспары әзірленіп, Үкімет бекіткен болатын.
Бұл жобалар энергетика, көлік, су және цифрлық инфрақұрылым сынды негізгі төрт бағытты қамтиды. Энергетикалық инфрақұрылымда 46 жоба жүзеге асады. Онда жылумен және электрмен қамтамасыз ету саласындағы жаңа нысандарды жаңғырту және салу көзделген. Көлік инфрақұрылымы бойынша 59 жоба енгізілген. Мұнда негізгі көлік дәліздерін дамыту, автожолдарды реконструкциялау және теміржол желісін жаңғырту қарастырылған. Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы бойынша 89 жоба бар. Бұл бағытта сумен қамтамасыз ету, су бұру және сарқынды суларды тазарту нысандарын салу және жаңғырту жұмыстар жасалады. Ал цифрлық инфрақұрылым бойынша 10 жоба қолға алынды. Яғни инфрақұрылымды бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдер енгізіледі.