Қ. Тоқаев: Әлемге жаңа даму парадигмасы керек

Азық-түлік қауіпсіздігі – күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе.

Саммитегі сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев аталған сын-қатерге төтеп беру үшін әлемге жаңа даму парадигмасы керек екенін мәлімдеді. Ол орнықтылық, әділдік пен тұрақтылық ұғымдарына негізделуге тиіс. Президент жаһандық проблемаларды үш маңызды қағидатқа арқа сүйеген біртұтас жүйе арқылы шешуге болатынын айтты. Олар – «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігі, технология трансферті және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі басымдықтардың, экономикалық даму мен жасанды интеллекттің синергиялық ықпалдастығы. Мемлекет басшысы техникалық қолдау мен ғылыми зерттеулердің маңызына да тоқталды. Оған қоса әлемдік нарықты азық-түлік өнімдерімен және тыңайтқыштармен тұрақты қамтамасыз ету үшін инновациялық тәсілдер қажет екенін жеткізді. Осы тұрғыда Қазақстан халықаралық нарыққа мол көлемде бидай мен ұн экспорттайтын ел ретінде орнықты ауыл шаруашылығының әдістері мен технологияларын одан әрі жетілдіруді көздейтінін айтты.