Йеменде жанармай құю бекеті жарылды

Йеменнің әл-Байда провинциясында жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болып, 15 адам қаза тапты. Тағы 67 азамат жарақат алды. Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Көбінің жағдайы ауыр.

Куәгерлердің айтуынша, жойқын жарылыстың әсерінен көршілес орналасқан екі жанармай құю станциясы мен коммерциялық қоймалар да отқа оранған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.