Алматыда ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы өтті

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі өзара алыс-берісті өрбіту үшін кедергісіз ортаны құру қажет. Мәселені Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында көтерді, деп хабарлайды 24kz.

Айта кетейік, одақтың құқықтық жүйесінде бірлестікке мүше елдерге белгілі бір өнімдерді әкелуге уақытша ветеринариялық және фитосанитариялық шектеу қою қарастырылған. Бұл шектеу белгілеген мемлекет аумағы арқылы транзитті ұйымдастыруға кедергі келтіріп, тауардың межелі елге жеткізілуіне тосқауыл болатын көрінеді. Отырыста кедергісіз сауданы дамыту, іскерлік ахуалды қалыптастыру, туристік әлеуетті ашу мәселелері қаралды. Қазақстан Премьер-министрі орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қолайлы бизнес-орта қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсарту үшін Бірлестік шеңберінде халықаралық шарттарға нақты әсерді бағалау тетігін қолдануды кеңейту ұсынылды.