Қысқы Азия ойындары ресми түрде басталады

Азия үздіктері Харбинге жиналды. Қытайдың ең суық қаласында бүгін ресми түрде Азия ойындары басталады. Оған 34 елдің өкілдері қатысады. Араларында қазақстандық қыз-жігіттер де бар.

Қысқы азия ойындары

Яна Хан, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:

- Іріктеу кезеңдері сәтті өтті. Шорт-трек бәсекесіне небір мықтылар жиналды. Яғни әлем және Олимпиада чемпиондары бар. Соған қарамастан барымызды салып, алтын жеңіп алуға тырысамыз.

Әділ Бекетаев, хоккейден ұлттық құрама мүшесі:

- Ә дегеннен басымдықты өз қолымызға алып, матч соңына дейін белсенді болдық. Кездесу ойдағыдай өтті. Жоспарды орындап шықтық. Алда маңызды ойындар күтіп тұр. Енді соған дайындаламыз.

Авторлары: Аслан Қаженов, Сәкен Сапарбекұлы.