Азиада-2025: Қазақстан құрамасы шорт-тректен күміс медаль жеңіп алды

Азиада-2025: Қазақстан құрамасы шорт-тректен күміс медаль жеңіп алды
фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек қорғады.

Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.