Шорт-трекшілеріміз Азиаданың тарихи алтынына қол жеткізді
Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының тарихи алтынына қол жеткізді.
Ерлеріміз ерлеп, 5 мың метр қашықтықта топ жарды. Эстафеталық сында ел атынан Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен және Денис Никиша мен Глеб Ивченко өнер көрсетіп, көк туымызды желбіретті. Бұл жүлде байрақты додада қоржынға түскен алғашқы алтын.
Абзал Әжіғалиев, шорт-тректен Қысқы Азия ойындарының жеңімпазы