Юлия Путинцева Дохадағы жарысты жеңіспен бастады

Елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева Дохадағы жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды 24kz.

Ол алғашқы айналымда жапониялық спортшымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түсті. Кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды. Енді жерлесіміз келесі кезеңде чехиялық теннисшімен ойнайды.