Азиада-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы плей-оффқа шықты
![Азиада-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы плей-оффқа шықты](/media/k2/items/cache/c03abf37d5987c0e9d7639980f09d445_XL.jpg)
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қысқы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды 24kz.
Отандастарымыз топтық кезеңдегі соңғы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізіп, 2:1 есебімен басым түсті. Қарсыластар бірінші болып есеп ашқанымен басымдықты соңына дейін сақтап қала алмады. Матчтың үшінші кезеңінде Артем Лихотников таразы басын теңістірсе, Роман Старченоко жеңіс шайбасын соқты. Жерлестеріміз осыған дейін Жапонияны, арынша Қытай құрамасын жеңген болатын.