Дастан Сәтбаевтың «Челсиға» ауысатыны ресми расталды

Мұны «Қайрат» клубы хабарлады. Трансфер сомасы 2,4 млн еуроны құрайды.

Келісімшарт мерзімі – 5 жыл. Бірақ 16 жастағы шабуылшы тек 2 жылдан кейін яғни кәмелеттік жасқа толғанда ғана лондондық ақсүйектердің қатарын толықтырады. Оған дейін «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. Сондай-ақ ағылшын клубы Дастанның жеке жаттығуына көңіл бөлу үшін арнайы Алматыға келіп, «Челсидің» негізгі құрамына дайындайды.

Айта кетейік, ол QJ лигасының соңғы 2 маусымында 28 матчқа қатысып, 26 гол соққан. Және нәтижелі 10 пасымен көзге түсті. Дастан 8 жасынан бері «Қайрат» академиясында жаттығып жүр.