Елімізде VI Қысқы спартакиада өтіп жатыр
![Елімізде VI Қысқы спартакиада өтіп жатыр](/media/k2/items/cache/b7278c06d5e55733050dce3832668e6c_XL.jpg?t=20250211_080158)
Елде 4 жылда бір рет ұйымдастырылатын VI Қысқы спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Жарыстың басты мақсаты – Олимпиада ойындары алдында ұлттық құрамаға іріктеу жүргізіп, жаңа команда жасақтау. Бәсекеге елдің 17 облысы мен 3 қаласынан атлеттер қатысады. Қысқы сайыстар 3 айға созылады. 8 ақпанда басталған Спартакиада 13 сәуірге дейін жалғасады. Қатысушылар 13 спорт түрінен өзара мықтыны анықтайды. Спартакиада елдің 5 өңірінде өтеді. Қазір Өскеменде шайбалы хоккейден іріктеу ойындары басталды.
Андрей Корабейников, бас бапкер:
- Қысқы спартакида 4 жылда бір өтетіндіктен, біз үшін өте маңызды. Жарыс біздің қалада болып жатқандықтан, топ жаруға тырысамыз. Басты мақсат – алдағы 4 ойынды қатарынан ұту. Чемпион болу үшін Өскеменнің ең үздік хоккейшілерін жинап, жаттығуды, дайындықты күшейтіп жатырмыз.