Қысқы Азия ойындары: қоржынымызға қос медаль түсті. LIVE
Қоржынымызға қос медаль түсті. Харбин қаласында Қысқы Азия ойындары жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні шаңғышылар жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды 24kz.
Әйелдер арасында күміс, ерлер арасында қола жеңіп алдық. Бірақ спортшыларымыз бұл жетістікке риза емес. Тіпті алтын ала алмағандарына өкініш танытып, жанкүйерлерден кешірім де сұрады.
Константин Борцов, Қысқы Азия ойындарының жүлдегері:
- Бізге барынша қолдау танытып, алтын жүлде күткен жанкүйерлерден кешірім сұраймыз. Үмітті ақтай алмадық. Бұл – спорт. Бірде жеңіс, бірде жеңіліс болады. Жігіттер барын салды. Өкішке орай бақ пен бап қатар шаппады.