Қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері елде оралды. LIVE

Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегерлері – конькимен жүгіруші Евгений Кошкин мен фристайл-акробатика командасы Алматыға келді, деп хабарлайды 24kz.

Еске сала кетейік, Евгений Кошкин 100 метрлік қашықтықта екінші орынды иеленген болатын. Ол тек атақты қытайлық спортшы Гао Тинъюйге есе жіберіп алды. Қазақстандық фристайлшылар да Қытай құрамасына жол беріп, күміс медальға қол жеткізді. Қазіргі сәтте спортшылар мінген ұшақ Алматы халықаралық әуежайына келіп қонды.