Қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері Алматыға келді
Қысқы Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері Алматыға оралды, деп хабарлайды 24KZ. Спортшыларды күтіп алуға туған-туыс, достары мен жанкүйерлер жиналды.
Жеңіс туын желбіреткен жігіттер мен қыздарды алматылықтар дүркіретіп күтіп алып, гүл шоқтарын сыйлады. Харбиннен жеңіспен оралған спортшылардың арасында алтыннан алқа таққан фристайлшы Шерзод Хаширбаев бар. Одан бөлек, Аяна Жолдас, Ардана Маханова және Асан Асылхан сынды күміс жүлдегерлер де елге оралды. Ал конькимен жүгіруден күміс алған Евгений Кошкин қола жүлдегер Кристина Силаева да Алматыға келді.
IX қысқы Азиа ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге 15 медаль жеңіп алды.
Шерзод Хаширбаев, IX қысқы Азия ойындарының чемпионы:
- Қарсыластарымыз өте мықты болды. Олардың арасында Қытай Олимпиада құрамасы өте мықты спортшылар негізінде. Олардың арасында Олимпиада чемпионы болды. Солармен жарысып, Роман Иванов екеуіміз Қытай командасынан алтын медальді ұтып алдық.
Евгений Кошкин, IX қысқы Азия ойындарының жүлдегері:
- Маңызды жарыстарда тұғырдан көріну – мен үшін бақыт. Бірақ біз осымен тоқтап қалмаймыз. Кәсіби деңгейде шеберлігімізді шыңдап, тұғыры биік Олимпиада ойындарына дайындала береміз. Сіздерге көп рақмет!