Рыбакина Дохадағы турнирден шығып қалды
Теннистен елдің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохадағы турнирден шығып қалды, деп хабарлайды 24kz.
Ол ширек финалда бітіспес қарсыласы Ига Швентекпен ойнап, есе жіберді. Кездесу қос сет қорытындысы бойынша 2:6, 5:7 есебімен польшалықтың пайдасына аяқталды. Ойын 1 сағат 36 минутқа созылды.