Бурабайда мұзда жүгіруден халықаралық жарыс өтіп жатыр
Жарысқа 11 елден мыңнан астам спортшы қатысуда.
Әуесқой жүгірушілер сайысы осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жарыс қалай өтуде?
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Дәл қазір біз көрікті Бурабай баурайындамыз. Халықаралық жарыс енді ғана басталды. Әуесқой жүгірушілер 4 қашықтықта өз бақтарын сынайды. Яғни, бірінші 7 шақырым, кейін 14 және 21 шақырымға жүгіреді. Сондай-ақ, соңғысы 7 шақырымдық скандинавиялық жүріс. Қазір қатысушылардың бірін сөзге тартып көрейік.
- жарысқа деген көңіл күй қалай? Мұз үстінде жүгіру қаншалықты қиын?
Жарысқа қатысушы
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Айталық, жарыстың жағрапиясы да жыл санап кеңейіп келеді. Мәселен, осыған дейінгі жарыстарға әлемнің 5-6 мемлекетінен ғана қатысушылар келсе, биыл 11 елден келіп отыр. Олардың қатарында Ресей, Ұлыбритания, Франция, Онтүстік Корея,Венгия, АҚШ, Канада сияқты жетекші елдер бар. Осы ретте отандық спортшыларға оңай тимесі анық. Ал дүбірлі доланың негізі мақсаты қандай? Оны біз ұйымдастырушылардан сұрайық.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Жарыстың Бурабай бөктерінде ұйымдастырылуы тегін емес. Өйткені Бурабай тек жазда ғана емес, қыста да көркем. Саф ауасы мен тұмса табиға көздің жауын алады. Әр мемлекеттен келген қатысушылар мен қонақтар жарыстан кейін Оқжетпес пен Жұмбақтасқа барып, серуендей алады. Ал осындай жарыс өңірдегі кенжелеп тұрған спорттық туризимді дамытуға оң ықпал етері сөзсіз.