Астанада қайырымдылық веложарысы өтіп жатыр
Астанада «TrackMan-2025» қайырымдылық веложарысы өтіп жатыр.
Екі күнге жалғасатын шарада 15 категория бойынша 60-қа жуық адам қатысады. Арасында ерекше күтімді қажет ететін балалар, жастар, орта жастағы азаматтар және зейнеткерлер бар. Жарыстың мақсаты қоғамда велоспортты дамыту мен ерекше балаларды қолдау болып табылады. Бауыржан Өтегенов, ұйымдастырушы: - «ТракМэн» шарасын 2018 жылдан дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеміз. Оған кәсіби спортшылар емес, тек қызығушылық танытатын азаматтар қатысады. Бүгінгі веложарыста олар түрлі категория бойынша 1 және 4 шақырым қашықтықта жүріп өтуге тиіс. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлығымыз бар. Марат Баукенов, қала тұрғыны: - Өзім әуесқоймын, спортшыға айналған жоқпын. Төтр жыл спортқа айналысамын. Қазір копилкамда 76 медаль бар: триатлон, дуатлон, марафон, настольный теннис. Адамдарға айтып жатырмын, мен сияқты кәрілерге «үйде отырмаңдар, спортпен айналысыңдар.