Алматы облысындағы тәртіп сақшылары волейболдан өзара сынға түсті

Қарасай ауданы «Үшқоңыр» спорт кешенінде ұйымдастырылған турнирге аудандық, қалалық ішкі істер басқармалары мен орталық аппараттың қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Бас-аяғы 15 команда сынға түсіп жатқан жарыстың әр ойыны тартысты өрбиді. Былтыр жарысты Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер басқармасы жеңіп алған. Бұл волейболдан Республика кубогіне іріктеу сыны. Үздік ойыншылар облыстық полиция департаменті атынан наурыз айында Астанада өтетін еларалық жарысқа қатысады. 

Берік Нұрғалиев, облыстық полиция департаменті АЖД басқармасының басшысы:

- Осы жарыс волейболдан дейміз. Жақсы өнер көрсеткен қызметкер біз өзімізге белгі деп қоямыз да, марапаттауға, шенін өсуге, әрине, оның септігі тигізеді жақсы нәтиже көрсеткендер.