Астанада Taldau Run жарысы өтті
Астанада спорттық жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды 24KZ. Taldau Run атты іс-шараға сарапшылар клубының мүшелері, Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» түлектері мен саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген белсенді азаматтар қатысты.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Мемлекет басшысы Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Мәулен Әшімбаев алдағы уақытта Taldau Run жүгіру жарысы игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді. «Талдау мектебінің» төртінші кезеңінің аяқталуына небәрі екі апта уақыт қалды. «Сондықтан идеяларды бірлесіп талқылау, ұсыныстар мен бастамаларды әзірлеу үшін әр осындай кездесудің тигізер пайдасы маңызы зор», – деді Сенат спикері.
Айта кетейік, «Талдау мектебі» жобасы мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық зерттеулер мен баспасөз ақпарат құралдарында сараптамалық тәсілдерді күшейтуді көздейді.