Біріккен күрес әлемі ұйымының президенті елімізге келді

Біріккен күрес әлемі ұйымының президенті Ненад Лалович еліміге келді, деп хабарлайды 24kz.

Мәртебелі мейман отандық және әлемдік күресті дамытуға қатысты тетіктерді талқылап, бірқатар ресми кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ненад Лалович демалыс күндері Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен жолығып, екеуі елордадағы спорттық нысандарды аралап үлгерді. Оның ішінеде Qazaqstan жеңіл атлетика манежі мен Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы бар. Бұған қоса, алдағы уақытта Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен де таныспақ. «Ненад Лаловичтің Қазақстанға келуі отандық күрес спорты үшін аса маңызды оқиға. Астанадағы басқосулар нәтижесінде саладағы көкейкесті мәселелер шешімін тауып, отандық күрестік дамуына тың серпін берілуі керек», - дейді мамандар.

Ненад Лалович, Біріккен күрес әлемі президенті:

- Астанаға бұған дейін де бірнеше рет келдім. Осы жолы байқағаным, қала бұрынғыдан да көркейіп, көз тартар әсем ғимараттармен толыға түскен.Әсіресе, заманауи үлгіде салынған бірнеше спорт кешенін көрдім. Олар жанкүйерлерге өте ыңғайлы және ірі жарыстарды қабылдауға қабілетті. Қазақстанға сапарым барысында бірқатар ресми кзедесу өткізуді жоспарлап отырмын.