БҚО-да жаңа футбол клубы құрылды
Батыс Қазақстан облысында «Жайық» деп аталатын жаңа футбол клубы құрылды.
Бұл туралы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы мәлімдеді. Айтуынша, өңір атынан бұған дейін ойнап жүрген «Ақжайық» клубы қарызға батып, мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу құқығынан айырылды. Салдарынан 36 қызметкер жалақысын ала алмай қалды. Бұрынғы клубтың жұмысшылар алдындағы берешегі 65 млн. теңге болды. Жергілікті билік өкілдері мәселені шешу үшін жаңа инвестор тартып, осындай шешім қабылдады.
Бақдәулет Сәбитов, Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:
- Бұрынғы «Ақжайық» клубының спортшыларының барлығы осы «Жайық» клубына тіркеліп жатыр. Тағы да бірден бір айта кететін жағдай, былтырғы ала алмаған спортшылардың қарыздары бар, берешектері бар соның көлеміндегі сыйақыны «Жайық» клубының спортшылары мен жаттықтырушыларына бөлді.