Шорт-трекшілер Қысқы Азия ойындарынан оралды
Шорт-трек шеберлері Қысқы Азия ойындарынан оралды.
Спортшыларды елорда әуежайында Ұлттық ұланның оркестрі айбынды әуенімен қарсы алды. Шараға спортшылардың туған туыстары, қала тұрғындары және спорт жанкүйерлері қатысты. Еске сала кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Миланда өткен жарыста жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов командалық 5000 метр эстафетада 6 минут 46 секунд нәтиже көрсетіп, қола медаль еншіледі. Сондай-ақ дәл осы құрам Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында 5000 метр эстафетада тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын. Ал Алина Әжғалиева бастаған қыздар құрамасы күміс жүлдені қоржынға салды.
Абзал Әжғалиев, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланы спорттық командасының мүшесі