Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатын тамаша көрсеткішпен бастады

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында уақытша бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды olympic.kz.
Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 94.73 ұпай жинады.
Бұл нәтиже оған ерлер арасындағы жеке сырғанауда турнир кестесінің көшін бастауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, жеңімпаз бен жүлдегерлер 22 ақпанда өтетін еркін бағдарлама қорытындысы бойынша анықталады.