Түркістанда шахматтан «Senat Open 2025» ашық кубогінің іріктеу кезеңі басталды
Түркістанда шахматтан Парламент Сенатының «Senat Open 2025» ашық кубогінің іріктеу кезеңі басталды.
Турнирге облыстың 17 аудан-қаласынан жүзден аса ойыншы жиналды. Олардың арасында ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бар. Сайыс 9 турдан, швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша үздік шыққандар 29 тамызда Астанада болатын финалда облыс намысын қорғайды.
Жолдасбек Амандықұлы, Келес аудандық қоғамдық кеңес мүшесі:
- Шахмат турнирдің халыққа да пайдасы көп, қызметкерлерге де, жастарға да пайдалы деп ойлаймын. Себебі шахмат ойнаған кезде жүрісті қате жүріп қойсаң қайта алуға болады. Ал өмірде қайтып алуға болмайды. Сондықтан өмірде жаңаылыспайтындай дәрежеге жеткізетін шахмат деп өзім ойлаймын.
Мұрат Қадырбек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жастарды осы спорт түріне баулуға, зияткерлікті дамытуға және де азаматтарымыздың интеллектуалдық ойлау қабілетін дамтыуға бағытталған осындай спорт түрін қолға алып, осындай жұмытар атқарылып жатыр.