Суперкубок кімге бұйырады? LIVE

Бүгін Астанада футболдан Қазақстан суперкубогының иегері анықталады. Матч Алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасында өтеді.

Ойын билеттері толықтай сатылып кеткен. Дәл қазір екі клубтың жанкүйерлері стадион маңына жиналып, өз жерлестеріне қолдау білдіруге дайындалып жатыр.