Гимнаст Милад Карими Әлем кубогі кезеңінде алтын жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшы еркін жаттығуда үздік атанды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
Екінші орын жапондық Кацуки Минамиге бұйырды – 13,666 ұпай. Ал үздік үштікті 13,533 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи түйіндеді.
Olympic.kz