Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогінің жалпы есебінде үшінші орын алды

Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде біздің спортшылар командалық спринтте бесінші болып мәреге жетті.
Аталмыш дисциплинада өткен үш кезеңнің қорытындысы бойынша Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды Польша құрамасы жеңіп алды. Күміс медаль Канада спортшыларына бұйырды.