«Странджа кубогы» мәресіне жетті
Қоржынымызда 18 медаль.
Оның 5-еуі - алтын. Болгарияның София қаласында бокстан кіші әлем чемпионаты атанып кеткен «Странджа кубогы» мәресіне жетті. Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы өте сәтті өнер көрсетіп, бірнеше тарихи жетістік тіркеді. Ұлттық құрама өкілдері 14 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл өзіндік рекорд саналады. 4 салмақта қазақ пен қазақ финалға шығып, алтынды өзара сарапқа салды. Бұндай жағдай да алғаш рет тіркеліп тұр. Бұған қоса тәуелсіздік алған жылдарлан бері бірінші мәрте жалпы есепте топ бастадық. Сонымен жарыстың өзіне келер болсақ, алтын жүлдені Ертуған Зейнуллинов, Төрехан Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов және Бекзат Нұрдәулетов жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан ең үздік боксшы атанды. Төреханның жетістігін де тарихи деуге болады. Өйткені, ол қазақ жігіттері арасынан алғаш рет осы «Станджда кубогының» ең үздік былғары қолғап шебері атанып отыр. Айта кетейік, Төрехан Сабырхан қазір небәрі 19 жаста. Бұған дейін жастар арасындағы барлық титулыды жеңіп алды. Жуырда ғана ересектер арасына қосылды және ересектер арасындағы алғашқы халықаралық жарысында да жеңіске жетіп отыр.
Жалпы есепте бірінші орындамыз
Жоғарыда айттық, Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орынға жайғасты. Қайрат Сәтжанов баптайтын жігіттер 5 алтыннан бөлек, 9 күміс және 4 қола жеңіп алды. Екінші орында Өзбекстан құрамасы болса, жергілікті, яғни, Болгария жігіттері үздік үштікті түйіндеді. Енді ұлттық құрамамыз сәл тынығып, алдағы әлемдік және құрлықтық алмандарға дайындықты бастайды. «Старджа кубогы» жылдың ең алғашқы халықаралық сайысы. Сәйкесінше, біздің команда үшін өзіндік іріктеу жасайтын жарыс саналады. Яғни бапкерлер құрамы әр салмақтың үздіктерін осы жерде анықтады. Енді алдағы жарыстардың маңыздылығына қарай нөмірі бірінші және екінші боксшыларды бәсекеге араластырады.
Халықаралық жарыста топ жарды
Таеквондошыларымыз үшін де жыл сәтті басталды. Жоғарыда айтқан Болгарияның София қаласында кәріс жекп-ежегі бойынша да биылғы алғашқы халықаравлық жарыс өтті. Есбол Сұлтанов Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын. Яғни, 74 келідегі Мақсат Орынбасар қарсылас шақ келтірмеді. Бұған қоса, қоржынымызда 5 күміс пен 8 қола бар. Бұған қоса, еліміздің мжарыстар құрамасы да жақсы нәтиже тіркеді. Нұрболат Жаңбыров шәкірттері 9 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Оның 5-еуі алтын жүлде. Атап айтқанда, Нұрперзент Саматұлы, Әлинұр Еркін, Анастасия Ряботенко, Тоғжан Қазнабек және Сабина Тұртұловалар барлық қасрыласын ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Осының арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты.
Евгений Кошкин – әлем кубогінің жеңімпазы
Евгений Кошкин – әлем кубогының жеңімпазы. Қазақстандық конькимен жүгіру шебері Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен дүниежүзілік додада ең үздік нәтиже тіркеді. Ол 500 метрлік бәсекеге қатысып, аталған аралықты 34,46 секундта жүріп өтті. Осының арқасында алтын жүлдегер атанды. Евгений осының алтында Польшада өткен әлем кубогында да жеңіске жеткен болатын. Айта кетейік, Евгений Кошкин жуырда Қытайдың харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындардын да сәтті өнер көрсетіп, 100 метрлік жарыста күміс жүлде жеңіп алған болатын. Алдағы жылы Италияның Милан қаласында қысқы олимпиада өтеті және мамандар дәл осы Кошкин үлкен үміт күтіп отыр.
ҚПЛ: «Қайсар» алғашқы ұпайға қол жеткізді
Құрамында бірде-бір легионер жоқ «Қайсар» алғашқы турда алғашқы ұпайын алды. Елімізде футболдан Қазақстан Жоғарғы лигасы басталды. Ішкі біріншілікке қатысатын 14 команда ароасында жалғыз қызылордалық «Қайсар» ғана қатарына шетелдік ойыншыларды қоспады. Осылайша алғашқы мачта 11 қазақ баласы жасыл алаңға шықты. «Қайсар» бірінші турда өз алаңында елордалық «Жеңіс» клубын қабылдаған болатын. Матч 0:0 есебмен аяқталды. Бұған қоса, Қазақсан чемпионаты аясында «Астана» мен «Қайрат», «Қызылжар» мен «Жетісу», «Ордабасы» мен «Ақтөбе» тең түсіп, бір-бір ұпайдан алды. Бұған қоса, «Атырау» «Елімайды» 2:1 есебімен, «Тобыл» «Ұлытауды» 2:0 есебіәмен, ал, «Тұран» «Оқжетпесті» 2:0 есебімен жеңді. Қазақстан Жоғарғы лигасының екінші тур ойындары 8-ші жәнен 9-шы наурыз күндері өтеді.